Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан алтын бұйымдарды қолды қылған

Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан алтын бұйымдарды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны келіп, ломбардтан алтын бұйымдардың жоғалғаны туралы арызданған. Тексеру барысында белгілі болғаны, алтын жүзік, алқа, сырға тәрізді жалпы саны 9 зергерлік бұйым қолды болып, жеке кәсіпкерге 573 мың теңгенің көлемінде шығын келген.

Оқиғаны зерделеу кезінде бұрын осы ломбардта зергер болып жұмыс істеген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Сұрақ-жауап алу барысында 20 жастағы қала тұрғыны мүлікті қолды қылғанын және оны өзге ломбардқа өткізіп жібергені туралы мойындау көрсетпелерін берді.

 Айғақты заттар, алтын бұйымдар тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта анықталған азаматтың қала көлемінде тіркелген өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру