Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандық полиция қатарындағы әйелдер үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша халықаралық тренинг өткізілді

ІІМ Қазақстандағы Фридрих Эберт қорымен бірлесе отырып, ODARA тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  тәуекел қатерін бағалау құралын қолдану бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшелерінің инспекторлары мен ведомстволық оқу орындарының оқытушыларына арналған халықаралық тренинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуден бөлек, агрессорлармен жұмыс істеуді іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында ведомствоаралық өзара әрекеттесуді орнату.

Тренинг барысында сарапшылар отбасылық агрессорлардың типологиясы, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларындағы олардың негізгі стратегиялары туралы айтып, ODARA құралымен практикалық жұмыстар жүргізді.

ІІМ өкілдері атап өткендей, агрессорларға қатысты тек «репрессивтік» шаралар қолданылып келген, ал бұл оларды одан бетер қатыгез етуге себеп болды. Оны өзгерту мақсатында ІІМ халықаралық тәжірибені зерттеді.

Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылықты бағалаудың бұл құралы агрессорларда қайталанатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің қаупін болжауға мүмкіндік береді. Бұл кейіннен олармен мақсатты жұмыс істеуге септігін тигізеді.

Қазақстанда аталған құралды сынақтан өткізу үшін Астана, Алматы және Павлодар қалаларында пилоттық жоба енгізілді. Құрал өзінің тиімділігін көрсеткен соң ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап барлық өңірлерге таралды.

8,5 мыңнан астам сауалнама жүргізілді, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім 200 адам анықталды, олардың 71-і агрессияны тежеу бойынша тренингтерден өтуге өз еркімен келісті.

Сондай-ақ тренинг барысында Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор Германиядан келген сарапшылармен бірлесіп, тәуекелдерді бағалаудың халықаралық құралын қолдану әдісін оқыту жүргізілетіні атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру