Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері дәмханаға ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Ұлытау облысының полицейлері дәмханаға ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне жол бойында орналасқан дәмханалардың бірінен ұрлық туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мән-жайды анықтай келе, белгісіз тұлғаның дәмхананың пластикалық терезесін бұзып кіріп, жәбірленушіге 300 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 35 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті кінәсін мойындап, айғақ зат тәркіленіп, қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру