Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді

Қостанайда полиция қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай іс-шаралар оқу жылының басынан бері өңірдің барлық колледждері мен орта мектептерінде ұйымдастырылып келеді.

6 қарашада “Мирас” мәдениет сарайында 500-ден астам адам қатысқан ата-аналар жиналысы өтті.

Іс-шара барысында студенттерге есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер мен фильмдер көрсетілді.

– Жыл басынан бері Қостанай облысында 270-ке жуық қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 340 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Екі студент есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері Айгүл Ераділова.

Полицейлер мұндай құқық бұзушылықтар үшін ауыр жаза қарастырылатыны туралы ескертеді. Жиналыс барысында ата-аналар да, студенттер де белсенді диалог пен пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру