Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғынның дәмханада телефонын ұрлап кеткен

Астаналық тұрғынның дәмханада телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданының полиция бөліміне астананың 44 жастағы тұрғыны жүгініп, кафеде оның құны 100 мың теңгеге жуық Redmi 12 PRO телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленуші түнгі уақытта көңіл көтеру мекемесінде бос уақытын өткізгенін айтты. Сөмкесін үстелдің жанындағы орындыққа қалдырып, әйел би алаңына барған, ал қайтып келгенде гаджетінің жоғалып кеткенін байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері камераларды қарау кезінде ұрлыққа қатысы бар 37 жастағы ер адамды анықтады. Ол достарымен бірге көрші үстелде отырып, қолайлы сәтті пайдаланып, телефонды сөмкеден алып кеткен.

Полиция ұстаған ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру