Биыл Абай облысында хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру бойынша 465 өтініш тіркелді
Абай облысында жыл басынан бері өңірлік полицияда хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіруге жәрдемдесу фактісі бойынша 465 өтініш тіркелді, оның ішінде тәулік ішінде бірден 256 адам табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалған 209 адам бойынша іздеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Іздеу барысында тағы 93 адам табылып, отбасыларына қайтарылды. Абай облысының полицейлері қазіргі уақытта жыл басынан бері 11 із-түссіз жоғалған адамды іздестіруге бағытталған.
Полиция үйден қандай себептермен кеткенін аша алмайды, өйткені бұл себептер жеке сипатта болады. Әр жағдай әртүрлі. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер көбінесе жақын туыстарымен бірге үйден кететінін атап өткен жөн.
Айта кетсек, Абай облысы бойынша кәмелетке толмағандар қатарынан хабар-ошарсыз кеткендер жоқ. Облыс полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы қызметінің негізгі бағыты тергеуден жасырынған қылмыстық қылмыскерлерді іздеу болып саналады. Жыл басынан бері қылмыстық іздестіру полицейлері 87 адамды, оның ішінде ауыр қылмыс жасағаны үшін де ұстады. Бұл бағыт облыс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.