Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицияның біріктірілген күштерінің кешенді сап түзеуі өтті

Алматыда полицияның біріктірілген күштерінің кешенді сап түзеуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның мақсаты – жеке құрамның тәулік бойы заңдылық пен құқық тәртібін қорғау, қылмыспен күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында осы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада жалпы республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған.

Саптық тексеру барысында қызметкерлердің нысанды киімдері, көліктердің жағдайы, сондай-ақ, қаладағы құқық қорғау қызметінің сапасына әсер ететін техникалық құрал-жабдықтары тексерілді.

Сонымен қатар қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күнделікті өз қолдарына алатын патрульдік полиция полкі жасағы, мамандандырылған батальон, ЖҚАЖ қызметкерлері командирлердің бағыт-бағдары мен нұсқауларын тыңдады.

«Қауіпсіз қала» іс-шарасының бірінші күнінде Алматы полициясының қызметкерлері «ізін суытпай» 24 қылмыстың бетін ашты, тағы 14-і бұрын жасалған қылмыс. Іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды.

2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 305 қоғамдық орындарды ластау, 105 ұсақ бұзақылық, 241 қаланы абаттандыру ережелерін бұзу, 200 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 151 азаматтарға тиісу эпизоды және т.б.

Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқарудың 12 дерегі, КҚ жалған нөмірмен басқарудың 2 дерегі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамаудың 17 дерегі, қиылыстан өту ережесін бұзудың 25 дерегі, маневр жасау ережесін бұзудың 23 дерегі, жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуының 61 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру