Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерін пысықтады

Ақтөбе облысының полицейлері зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерін пысықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты және БАҚ-ты тарта отырып, 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Акция қарсаңында және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 20 қараша күні Ақтөбе полицейлері осы шараға жұмылдырылған барлық мекемелердің, оның ішінде жергілікті атқарушы және мүдделі органдар, ҮЕҰ, Дағдарыс орталықтары басшылары мен психологтарының қатысуымен «Бақытты отбасы» орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оның барысында мамандар түсіндіру және талқылау жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес кезінде канадалық Одара әдісін қолданудың пилоттық жобасымен таныстырды.

Бұл тәсіл полицияның жалпы үйлестіруімен барлық уәкілетті органдар мен азаматтық қоғамның нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған, халықаралық тәжірибеге негізделген қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру