ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес “Қазақстан зорлық-зомбылықсыз” қоғамдық тыңдауға шақырады
ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес “Қазақстан зорлық-зомбылықсыз” қоғамдық тыңдауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қарашада ҚР Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес “Қазақстан зорлық-зомбылықсыз” қоғамдық тыңдауына бастамашылық етеді. Елдегі соңғы резонанстық оқиғаларға және қоғамдағы зорлық-зомбылықтың, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бұрыннан келе жатқан мәселелеріне байланысты заң шығару, сот және құқық қорғау жүйелеріндегі реформалары өткір болды.
– Барлық бей-жай қарамайтындарды әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырамыз. Қазіргі уақытта осы саланың сарапшылары “Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы” ұлттық баяндама дайындады, оны қоғамдық тыңдауда таныстыру жоспарлануда. Талқылау “проблеманы талдау” және “шешім нұсқалары” бағыттарында жүргізілетін болады. Қатысушылар: сарапшылар, ҮЕҰ, ҚР Мемлекеттік органдары, БАҚ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ және тағы басқа да халықаралық ұйымдар, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия, спортшылар одағы, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бала құқықтары
жөніндегі уәкіл, ғылыми қызметкерлер, университеттер және тағы да басқа қатысушылар бар, – дедйі шақырушылар.
Спикерлер:
1. Халида Әжіғұлова – PhD құқық докторы, Алматы қаласының бала
құқықтары жөніндегі уәкілі, жыныстық пайдаланудан және қорлаудан қорғау
жөніндегі халықаралық консультант
2. Муслим Хасенов – PhD заң ғылымдарының докторы, Maqsut narikbayev
University Жоғары құқық мектебінің Associate Professor
3. Салтанат Тұрсынбекова – адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың
басшысы
4. Алина Орлова – “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық қорының төрағасы
5. Анна рыл – “Қорғау Астана” қорының басшысы
Күні мен уақыты: 27 қараша, сағат 09:30-дан 13:30-ға дейін.
Орны: “Достық Үйі” (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 26)
Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз.