Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жеке құрылыс нысандарын тексеріп жатыр

Алматы полициясы жеке құрылыс нысандарын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері кезекті жергілікті рейд барысында Алматының Наурызбай және Түрксіб аудандарында орналасқан жеке құрылыс нысандарын тексерді. Нәтижесінде заңсыз пайдаланылған шетелдік жұмыс күші анықталды.

– Қалада үш күндік ауқымды «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 216 шетелдік анықталып, жауапкершілікке тартылды. Олардың 141-і Өзбекстан, 12-сі Нигерия азаматтары. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 178 шетелдік орналастырылды. Сондай-ақ шақырылған шетелдік қонақтардың елімізден дер кезінде кетуін қамтамасыз етпеген 56 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру