Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де ведомстволық газеттердің 90 жылдығы атап өтілді

Ішкі істер органдарының жұмысын, қоғам мен полицияның байланысын оқырманға көрсетіп келе жатқан «Saqshy» және «На страже» газеттерінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция қызметі туралы сыр шертетін басылымдардың редакциясын Ішкі істер министрі Ержан Саденов құттықтады.

– Сіздер арқылы азаматтарымыз еліміздегі болып жатқан құқықбұзушылықты алдын алу бағытындағы жұмыстардан хабардар болды. Қызметтеріңіз табысты болып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер, – деді ІІМ басшысы.

Салтанатты іс-шараға ардагер-журналистер, Ішкі істер органдары медиа орталығының экс-басшылары, өңірлік полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ведомстволық оқу орындарының және Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының баспасөз хатшылары қатысты.

Ең белсенді баспасөз қызметтері «Қанатты қалам» номинациясымен марапатталды:

  • Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті;
  • Қостанай облысының полиция департаменті;
  • Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
  • Қызылорда облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
  • Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру