Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы базарлардың бірінде заңсыз еңбек қызметін жүргізген шетелдіктер анықталды

Алматыдағы базарлардың бірінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті рейд осы жылдың 20 қарашасында басталған «Құқықтық тәртіп» кең ауқымды іс-шарасы аясында өткізілді.

Мақсат – құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, бұзақылық, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігі, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу.

– Жергілікті полиция, сондай-ақ біздің бөлімшенің көші-қон қызметі қызметкерлері базарлардың бірінде еңбек қызметін заңсыз жүргізген Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарын анықтады. Кейбірінде жеке басын куәландыратын құжаттары мүлдем болмады. Олар ПД-нің қабылдап-таратуына орнатылды. Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының 8 күнінің ішінде полиция қызметкерлерімен 14 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 1 мың 854-і Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы саласында.

Тәртіп сақшылары 250 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 117 қылмыстың бетін ашты.
Іздеуде жүрген 30 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру