Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды
Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Т. Рысқұлов ауданында өзінің Mercedes-Benz-190 автокөлігін мас күйінде басқарған 64 жастағы жүргізуші ұсталды.
Аталған дерек осы жылғы 29 қарашада Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында полиция қызметкерлерімен патрульдеу кезінде анықталды.
Медициналық куәландыру ер адамның алкогольдік ішімдік ішкенін растады.
Оған қатысты мас күйінде көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.
Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Жамбылдық полицейлермен 10 айдың ішінде облыс аумағында мас күйде көлік басқарған 631 жүргізуші жауапқа тартылды.