Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері іс-түссіз жоғалған азаматты отбасымен қауыштырды

Шымкент полицейлері іс-түссіз жоғалған азаматты отбасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы Абай аудандық полиция басқармасына із-түссіз жоғалған 34 жастағы қала тұрғыны туралы хабарлама келіп түскен. Туыстарының айтуынша, ер адам үйден шығып, қайта оралмаған. Оның жүрген жерін анықтауға криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған адамның болуы мүмкін барлық жерлерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне бағыттама жіберді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінде жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды.

Жедел уәкілдер оны Шымкентке әкеліп, отбасымен қауыштырды. Өз кезегінде оның қарт ата-анасы мен әпкесі полиция қызметкерлеріне біреудің қайғысына бей-жәй қарамағаны үшін ризашылығын білдірді.

– Інім осыдан екі жыл бұрын 20 қазан күні үйден шығып, жоғалып кеткен. Көмек сұрап Абай аудандық полиция басқармасына жүгіндік. Бекнұр, Мұхамедәлі, Қуат, Нұрислам және Ілияс есімді полицейлердің арқасында бауырым аман-есен табылды. Сіздерге көп рақмет! Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деп, алғысын білдірді табылған азаматтың әпкесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру