Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясының арнайы бөлімшесі бос орындар жәрмеңкесінде жастарды жұмысқа шақырды

Солтүстік Қазақстан облысы полициясының арнайы бөлімшесі бос орындар жәрмеңкесінде жастарды жұмысқа шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Бұл іс-шараны М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жылына орта есеппен 2-3 рет өткізеді. Осы жолы өткізілген жәрмеңке заңгер, инженер, қаржыгерлерге және басқа да педагогикалық емес мамандықтардың студенттеріне бағытталды. Солтүстік Қазақстан универстетінің алтыншы корпусында өткен шараға 20-дан астам жұмыс беруші жиналды. Олардың арасында полиция қызметкерлері де болды.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ полиция қызметіндегі бетке ұстар бөлімшелерінің бірі. Оның жауынгерлері арнайы жауынгерлік және кәсіби дайындықтан өтеді. Олар дағдарыстық жағдайларда, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде қолданылады. Арнайы жасақ қызметкерлерін қарулы қылмыскерлерді жоюға, кепілге алынғандарды босатуға, адамдарды қылмыскерлер мен террористерден қорғау сияқты басқа да міндеттерін орындауға үйретеді.

Жауынгерлер студенттерге осы бөлімдегі қызметтің артықшылықтары туралы, атап айтқанда қызметкерлердің жоғары жалақысы мен әлеуметтік жағынан қамтылуы, сондай-ақ үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар туралы айтып берді. Негізгі талаптарының бірі мықты денсаулық, дене шынықтыру, психологиялық тұрақтылық пен заңдарды білу.

Солтүстікқазақстандықтар полицияға жұмысқа орналасуға қатысты барлық сұрақтар бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасына Алматы көшесі, 55 мекенжайы немесе 8 (7152) 61-26-68, 61-26-56 телефондары бойынша жүгіне алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру