Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтарын ұстады
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңіл жүрісті қыздарды анықтады.
– Қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылды. Сонымен қатар ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Естеріңізге сала кетейік, 20-30 қараша аралығында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту және көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада кең ауқымды «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтті.