Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтарын ұстады

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңіл жүрісті қыздарды анықтады.

– Қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылды. Сонымен қатар ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Естеріңізге сала кетейік, 20-30 қараша аралығында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту және көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада кең ауқымды “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру