Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер бопсалаумен айналысқан азаматтарды ұстады

Астаналық полицейлер бопсалаумен айналысқан азаматтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шаралар барысында Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 3 факті бойынша бопсалаумен айналысты деген күдікпен 35 және 23 жастағы екі азаматты ұстады. Жәбірленушілерден бопсалаған ақшаның жалпы сомасы 4 млн 300 мың теңгені құраған.

Қазіргі уақытта күдіктілер соттың рұқсатымен қамауда отыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұсталғандардың елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Астана қаласының полиция департаментіне Бейбітшілік 19 көшесі немесе 8-7172-71-60-48, 60-10 телефондарына хабарласуына болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру