ІІМ-де «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды
ІІМ-де «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы құқықтық тәртіп органдары басшыларымен кездесу барысында заңдылықты сақтауды, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеруді бұлжытпай қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар «Заңдылық және Тәртіп» қағидасы қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси жол сілтемесі болуы тиіс деп атап көрсетті. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қоғамда тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілік артылған.
Осыған байланысты, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында осы жылдың 20-30 қараша аралығында елімізде ішкі істер органдары республика аумағында жергілікті атқарушы органдармен, «AMANAT» партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, жастар қозғалыстарымен, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, еріктілермен, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
«Құқықтық тәртіптің» негізгі бағыттары:
– көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, оның ішінде жастар көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау мен профилактиканы күшейту;
– вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтау және жолын кесу;
– тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты.
Жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде 2 657 қылмыс «ізін суытпай» ашылды, оның ішінде бұрын жасалған 1 019 қылмыс, оның ішінде бір кісі өлтіру, 3 қарақшылық шабуыл, 21 тонау және 994 басқа да қылмыс түрлері тіркелген.
Заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді, шалғайдағы және өзге де күмәнді орындарды, үй-жайларды аралау жүзеге асырылды; Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды.
Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 557 адам, оның ішінде есірткі заттарын сақтағаны үшін – 226 адам ұсталды, атыс қаруын алып жүргені үшін – 192, жарылғыш заттар және оқ-дәрілер – 50 және суық қаруды алып жүргені үшін – 89.
Сонымен қатар 181 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша – 92 540, жол қауіпсіздігі бойынша – 88 964. Ішкі істер органдарының есебінде тұратын 95 300 адам тексерілді. 4 489 қорғау ұйғарымы шығарылды және 1 077 ерекше талап белгіленді.
Осы орайда өткізілген іс-шаралармен шектелмейді, кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын және заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмысты жалғастыру.