Шымкентте «шегіп алып» есірткі жасырған қыз ұсталды
Шымкентте «шегіп алып» есірткі жасырған қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 жастағы бикешті Тұран АПБ-ның қызметкерлері ұстады. Тексеру барысында оның сөмкесінен 6 бір реттік доза салынған “синтетика” табылып, тәркіленді. Тағы екеуін жасырып үлгергені анықталды. Сондай-ақ күдіктінің өзі де есірткі шегіп алғаны белгілі болды.
Анықталғандай, ол есірткі салынған пакеттерді Шымкентте тарату үшін Тараздағы жасырын жерден алып кеткен.
Ұсталған азаматшаның айтуынша, есірткіні ұзақ уақыттан бері қолданып жүргендіктен ақша табу үшін ғана емес, біразын өзіне қалдыру үшін есірткі қоюшы болуды шешкен.
Полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс қозғады. Тергеуді аяқтаған тергеушілер осы жайт бойынша жинақталған материалдарды сотқа жіберді.
Сот азаматшаны есірткі заттарын өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.