ІІМ ардагерлері мен Алматының жас полицейлері үшін кездесу ұйымдастырылды
ІІМ ардагерлері мен Алматының жас полицейлері үшін кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінде жас полиция қызметкерлерінің жиыны өтті. Кездесуді Алматы қалалық ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Асыл-Кеней Сағынжан өткізді.
– ПД басшылығы атынан барлық қатысушыларға сәлем жолдауға және оларға табысты, жемісті жұмыс тілеуге рұқсат етіңіздер. Жиынның мақсаты – полицияға жасақталған жас мамандардың кәсіби біліктілігін, тәлімгерлік рөлін арттыру және жұмыс тәжірибесімен алмасу. Бүгінгі таңда департаменттің кәсіби кадрлық өзегін қалыптастыру біздің жас қызметкерлерді қалыптастыруға қалай атсалысатынымызға байланысты, – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Жас тәртіп сақшылардың алдында сөйлеген сөзінде генерал Асыл-Кеней олардың жауапты, қиын, бірақ сауапты жұмысты таңдағанын ерекше атап өтті.
– Ішкі істер органдарына қызметке келген жас буын сіздер аға ұрпақтың дәстүрін лайықты жалғастырып, қызмет сынағынан абыроймен өтіп, қызметтік борышын өтеудің үлгісі болады деп сенеміз. Халық пен мемлекет мүддесі жолында Конституцияның, Қазақстан Республикасы заңдарының, анттың, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің талаптарының барлығында басшылыққа алып, өзгелерге үлгі болатындай әрекет жасаңыздар, – деді Алматы қаласы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Асыл-Кеней Сағынжан.