Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлыбританиядағы Портсмут университетінің профессорлары ІІМ Алматы академиясы курсанттарына дәріс оқыды

Ұлыбританиядағы Портсмут университетінің профессорлары ІІМ Алматы академиясы курсанттарына дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлыбританиядан келген профессорлар виртуалды валюталар арқылы терроризмге қарсы күрестің, крипто қылмыстары мен киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың өзекті тақырыптарына арналған дәрістер топтамасын ұсынды.

– Профессорлар киберқауіпсіздік және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жоғары білікті мамандар. Олар виртуалды валюталар арқылы жұмыс істеген кезде террористік ұйымдар қолданатын заманауи трендтер мен әдістерге талдау жасады, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков.

Дәрістер интерактивті сессиялар форматында ұйымдастырылды, онда курсанттар белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Дәріскерлер нақты жағдайларды көрсетті, крипто қылмыстарына қарсы тұрудың әдістері мен құралдарын талдады, киберқылмыстардың мәнін ашты және оларды болдырмаудың тиімді стратегиялары мен әдістерін ұсынды. Курсанттар үшін бұл дәрістер білімнің құнды көзі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру