Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері қызмет барысында қаза тапқан әріптесінің отбасына барды

Алматы полицейлері қызмет барысында қаза тапқан әріптесінің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздік күніне орай Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Сәтжан Атаниязтегінің отбасына барып қайтты.

Келген қонақтар қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерінің ата-анасымен ол туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, бірге түскен суреттеріне көз жүгіртіп, қызықты әңгімелер айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылдың 16 тамызында криминалдық полицияның жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Сәтжан Атаниязтегі Жамбыл облысында жол апаты салдарынан қаза тапты. Ол онда қылмыс жасаған күдіктіні ұстау үшін аттанған болатын. Сол кезде Сәтжан небәрі 28 жаста еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру