Елордалық полицейлер көршісінің көлігінен ұрлық жасаған жасөспірімді ұстады
Елордалық полицейлер көршісінің көлігінен ұрлық жасаған жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғынынан кәмелетке толмаған көршісі Пионер маркалы магнитоланы ГАЗель автокөлігінің салонынан ұрлап әкеткен. Анықталғандай түнгі уақытта 16 жастағы бала өзгенің ауласына кіріп, ашық көліктің салонынан магнитофонды алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының полицейлері ұрлыққа қатысты деген күдікпен жасөспірімді «ізін суытпай» анықтаған. Ұрланған құрылғы тәртіп сақшыларымен тәркілеп, иесіне қайтарылды.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, жас жігіт ұрлық жасағанын мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.