СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары 12 айда 985 қылмысты ашуға көмектесті
СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары 12 айда 985 қылмысты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында 244 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 50 көмекшісі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.
Негізгі міндеттері – қылмыстың алдын алу және құқықтық тәртіпті сақтау. Әкімшілік учаскені аралау және халықтың шағымдарына ден қою – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және бұрын сотталған, отбасылық жанжалқойлар мен маскүнемдерді, басқа да санаттағы есептерде тұрған адамдарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеруден бөлек жүргізілетін жұмыстардың бір бөлігі ғана.
Бүгінде солтүстікқазақстандық полицияда профилактикалық есепте 1051 адам тұр. Кейбір адамдар үшін өздерінің есепте тұруы сабақ болмайды. Мәселен, бір жыл ішінде учаскелік инспекторлар облыстың 42 тұрғынына қатысты материалдар жинады, олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың талаптарын қасақана бұзған. Олардың барлығы жазаларының қалған бөлігін өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.
Учаскелік инспектор қойылған міндеттерді орындау үшін өзінің әкімшілік учаскесіндегі болып жатқанның барлығынан хабардар болуы қажет. Көбінесе учаскелерінде заңды кім бұзуы мүмкін екенін жақсы білетін учаскелік инспекторлар қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды «ізін суытпай» ашуға көмектеседі. 12 айда солтүстікқазақстандық учаскелік инспекторлардың қатысуымен 985 қылмыс ашылды, оның 403-і ұрлық. Сондай-ақ бұның ішінде 9 тонау дерегі, көлікті айдап әкетудің 17 фактісі, денсаулыққа қасақана зиян келтірудің 73 фактісі бар (оның 33-і ауыр қылмыс).
– Осындай фактілердің барлығы дерлік спирттік ішімдіктер ішу салдарынан жасалады. Сондықтан заңсыз алкоголь айналымымен күрес жұмыстағы негізгі бағыттардың бірі. 2023 жылы учаскелік инспекторлар өңірде құрамында спирт бар 12154 литр өнім тәркіледі, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге 219 адамды жіберді. Өткен жылы Тайынша ауданының учаскелік полиция инспекторлары ерекшеленді. Олар 80 қылмысты ашуға көмектесті. Басқа да аудандар белсенділік танытты. Қызылжар ауданының учаскелік иснпекторлары – 76, ал Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның тәртіп сақшылары 72 қылмысты ашуға көмектесті, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.