Алматыда жолаушылар көлігінде 134 құқық бұзушылық анықталды
Алматы жолаушылар көлігінде 134 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара қаладағы қоғамдық көлік жолаушыларына қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау мақсатында өткізіліп жатыр.
Алматыда 11-15 қаңтар аралығында жергілікті атқарушы органдармен, көлік министрлігі көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп “Тасымалдаушы” жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
– Барлық жер қауіпсіз болуы керек, соның ішінде қоғамдық орындарда және жолаушылар көлігінде де. Тәжірибе көрсеткендей, заңдылық пен тәртіпті бұзудың әдеттен тыс деректері қайтымсыз салдары бар оқиғаларға әкелуі мүмкін, – деді, ПД-де.
Іс-шараның екі күнінің ішінде Алматы жолаушылар көлігінде 134 құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде жиі кездесетіні – азаматтарға тиісу және қоғамдық орындарды ластау.
Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көліктерде алкогольдік ішімдіктерді ішу, темекі бұйымдарын пайдалану және ұсақ бұзақылық деректері кездеседі.