Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы ПД бастығы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейдің ұлымен кездесті

Алматы қаласы ПД бастығы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейдің ұлымен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін кішкентай Шахсұлтан Маратжан үшін өміріндегі жаңа кезең басталды. Ол алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сынып оқушысы атанды.

Шахсұлтан алғашқы қоңырауға шығарып салуға Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов барды.

Бұл отбасы үшін 1 қыркүйек – ерекше күн. Шахсұлтанның әкесі, полиция қызметкері Дастан Әбдіқанов 2020 жылдың мамыр айында қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан.

Шахсұлтанның жанында анасы болды. Ал ролиция департаментінің бастығы баланы мектеп табалдырығын алғаш аттауымен жеке құттықтап, оқуында табыс, жақсы білім және жаңа достар тіледі.

— Бүгін Шахсұлтан үшін ерекше күн – ол алғаш рет мектепке барып отыр. Оның әкесі өмірінің соңына дейін қызметтік борышын абыроймен атқарып, батылдық пен антқа адалдықтың үлгісі болып қалды. Біз қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз және олардың отбасыларына әрдайым қолдау көрсетеміз. Шахсұлтанға сабағын жақсы оқып, армандарына нық қадам басып, анасын қуантып жүруді тілеймін. Мектептегі жылдары жарқын әрі бақытты болсын, – деді Айдын Кабдулдинов.

Бұл күні Шахсұлтан үшін алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. Алда – білімге толы жылдар, жаңа достар, тың жаңалықтар мен алғашқы үлкен жетістіктер.

Ал қызметтік борышын орындау кезінде өмірін қиған әкесінің жарқын бейнесі оның жүрегінде мәңгі сақталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру