Өскемен тұрғыны үйінде есірткі өсірумен айналысқан
Өскемен тұрғыны үйінде есірткі өсірумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі өсіру үшін ер адам жарық шамдарын, тұқымдар мен топырақ салынған жер құмыраларын және басқа да керек-жарақтарды пайдаланған.
Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде полицейлер 53 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады, оның үйінен ерекше иісі бар 14 өсімдік бұтасы, сонымен қатар 140 грамм кептірілген марихуана және 37 грамға жуық гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК -нің 300-бабы және ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.