Астанада танысының телефонын ұрлаған күдікті анықталды
Астанада танысының телефонын ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғынның тарапынан арыз түсті. Онда жәбірленуші өзімен бірге тұрған қыздың Iphone Pro Max 13 телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлем 600 мың теңгені құрады.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты саралай келе Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы қыз тұрғылықты мекенжайы арқылы анықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қолды болған телефон айғақты зат ретінде алынып, меншік заңды иесіне қайтарылды.