Елордалық полицейлер бірқатар ұрлыққа қатысы бар әккі ұрыны қолға түсірді
Елордалық полицейлер бірқатар ұрлыққа қатысы бар әккі ұрыны қолға түсірді. Халықаралық іздеуде болған азамат ірі қалаларда жасалған бірнеше ұрлық қылмысына қатысты деген күдікке ілінген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері Қарағанды қаласынан 33 жастағы ер адамды ұстаған. Тексере келгенде күдіктінің Астана қаласында 9 ұрлыққа қатысы бар екені анықталған.
Атап айтқанда, балабақша меңгерушісі оның кеңсесінен белгісіз біреу iPhone 13 Pro Max телефонын ұрлап кеткенін айтып, полицияға арызданған. Кейінірек ұры банктің мобильді қосымшасынан 1 млн 700 мың теңгені қолма-қол ақшаға иемденіп алған. Әккілігі сондай оған телефонды блоктан өшіру оған қиын болмаған. Смартфонда әдепкі орнатылған PIN кодын да анықтау көп уақытын алмаған. Сөйтіп күдікті олжасын алған оң ұрланған iPhone 13 Pro Max телефонын сатып алушыға саудалап жіберген.
Ол тағы бір жағдайда, кинотеатр бөлмесінен ұрланған құны 400 мың теңге тұратын Lenovo маркалы ноутбугі мен проекторы болған.
Үй-жайға кірген күдікті әкімшінің жоқ екенін байқап, еш именбестен жабдықты алып кеткені белгілі болған. Сондай-ақ, күдіктінің заңсыз әрекеті массаж салонының үй-жайына кірген кезде камераның объективіне түсіп, ол жерден 2 дана Acer ноутбугін жымқырып кеткен.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындап, оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы тексерілуде. Ол заттай айғақтарды сатып алушыларға арзан бағаға сатқанын жасырмаған.
Күдіктіге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.