Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық азамат дүкен сөресіне ескі етігін қалдырып, жаңасын киіп кеткен

Елордалық азамат дүкен сөресіне ескі етігін қалдырып, жаңасын киіп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері дүкеннен аяқ киім ұрлау фактісіне қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам сауда ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің біріне келген. Дүкен сөресіндегі аяқ киімдерді қарап жүріп, қаскүнем өзіне ұнаған 38 000 теңгеге жуық тұратын етікті киіп, сауда залынан шығып кеткен. Бейнекамера жазбасында ер адамның ескі аяқ киімін қорапқа салып, жасырын сөреге қойып кеткені көрінеді.

Аталған фактіге қатысты (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру