Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада құрбысының пәтерінен зергерлік бұйымдар ұрлаған тұрғынның ісі әшкере болды

Астанада құрбысының пәтерінен зергерлік бұйымдар ұрлаған тұрғынның ісі әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық әйел досының пәтерінен 430 мың теңгенің алтын әшекейлерін жымқырып кеткен. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, оның пәтерінен алтын сақинасы мен алтын сырғалары жоғалғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің 27 жастағы танысын анықтады. Күдікті досына қонаққа келген кезде пәтер иесінің үй шаруасына айналғанын пайдаланып, оның алтын әшекейлерін иемденіп үлгерген. Ол қобдишада сақталған зергерлік бұйымдарды ломбардқа тапсырып жібергені белгілі болған.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру