Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер кабель ұрлауға қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді

Елордалық полицейлер кабель ұрлауға қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұра аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кабельді ұрлауға қатысы бар елорданың екі тұрғынын анықтады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі полицияға арызданып, белгісіз біреулер құрылыс алаңынан 200 метр үш фазалы кабельді ұрлап, 240 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргендігін айтқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер екі азаматты анықтады. Олар 27 және 28 жастағы Астана қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне өткізбек болған, бірақ арам ойларын іске асырып үлгермеген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар мойындау көрсетпелерін берді, заттай айғақтар тәркіленіп алынды. Елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру