Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының азаматы дүкенге мас күйде ұрлыққа түскен

Түркістан облысының азаматы дүкенге мас күйде ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, түнгі сағат 03:00 шамасында белгісіз біреу оның дүкеніне кіріп, азық-түлік заттары мен кассада тұрған 1 миллионнан астам ақшасы мен құны 394200 теңге болатын әртүрлі заттарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 жарым миллионға жуық.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда оқиға орнына келіп, ұрлық қылмысын ашу мақсатындағы қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде жергілікті 30 жастағы жұмыссыз тұрғын камера арқылы анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам мас халде болған. Ол жол бойында орналасқан дүкеннің пластик есігін күшпен ашып, кірген. Содан бөтеннің мүлкін ұрлап, қажеттілік үшін бас пайдасына жаратып жіберген.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілу үстінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру