Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы ауыл тұрғындарына алаяқтық туралы ескертті
Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы ат үстіне мініп ауыл тұрғындарына алаяқтық туралы ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол Қостанай облысы Денисов ауданының шетінде жұмыс істейді және аудан орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан үш ауылға қызмет көрсетеді. Оның қызметтік көлігі болса да, Фархаттың өзі жылқыны өте ыңғайлы, ең бастысы мұндай жерде жүрудің пайдалы әдісі деп санайды.
Атқа мінген полицейді барлық ауыл тұрғындары байқап, оған қызығушылық тудыруда.
Осындай ерекше тәсілмен ауылдық учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады.