Түркістан облысында ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды
Түркістан облысында ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Сауран ауданының 44 жастағы тұрғынын ірі көлемде есірткі сатты деген күдікпен ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстап, одан шамамен 70 грамм марихуана тәркіледі.
Сонымен қатар полиция ер адамның үйін тінту кезінде құрамында есірткісі бар өсімдіктің тұқымы салынған 2 сіріңке қорабы, есірткіні қолдануға арналған құрал мен басқа да заттай дәлелдерді тапты.
Қазіргі уақытта есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті қамауға алынды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.