Маңғыстауда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 50 шетелдік азамат анықталды
Маңғыстауда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 50 шетелдік азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті рейд барысында көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері заңсыз келушілер көп шоғырланған жерлерді тексерді. Осылайша, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 50 шетелдік азамат анықталды. Олардың 15-і қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.
Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс әрі қарай шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.