Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да пробация мәселелері бойынша кеңес өтті

ШҚО ПД-да пробация мәселелері бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды бақылау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі, осы санаттағы азаматтардың тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу және басқа да мәселелер талқыланды.

– Пробацияның барлық субъектілерімен тиімді өзара іс-қимыл орнату – бұл біздің басты міндетіміз, ол рецидивтік қылмысты азайтуға, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге және босатылған тұлғалардың қоғамда қайта бейімделуіне ықпал етеді, – деп атап өтті ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Сонымен қатар ПД бастығы қызметкерлерге жазасын өтеуден жалтарған азаматтар туралы және олардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылау туралы үнемі ақпарат алмасу қажет екенін айтты.

Кеңес барысында қылмыстардың, оның ішінде кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу және ашу жөніндегі жұмыстың жай-күйі, тергеу және анықтау жұмысының нәтижелері, көші-қон қызметі бойынша проблемалық мәселелер, сондай-ақ жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру