Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған тұрғынды ұстады

Жамбыл облысында полиция Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында “Сапсан” жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Жамбыл облысының полиция департаменті осы жылдың 1-29 ақпаны аралығында аймақта «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру