Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық азамат той ұйымдастыруға уәде беріп, тұрғындарды сан соқтырған

Елордалық азамат той ұйымдастыруға уәде беріп, тұрғындарды сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта полицияға алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 11 азамат жүгінді. 28 жастағы қала тұрғыны өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, оны ұйымдастыруға уәде бергені анықталды. Азаматтардың сеніміне кіргені соншалық, олар жалған әкімшіге бір миллион теңге көлемінде алдын ала төлем аударған, бірақ уәде еткен мереке болмаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыскерді анықтады. Қазіргі уақытта басқа жәбірленушілер анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйел қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру