Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері чемпион-әріптесін қарсы алды

СҚО полицейлері чемпион-әріптесін қарсы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үндістанның астанасы Дели қаласында кикбоксингтен өткен турнирде чемпион атанып келген Нұрсұлтан Жақыповты Петропавлдағы теміржол вокзалында облыстық полиция департаменті аппаратының кезекшілікке жұмылдырылмаған қызметкерлері, чемпион-полицейдің жолдастары, әріптестері мен жақындары қарсы алды.

Халықаралық турнирде үш солтүстікқазақстандық жеңіске жетті. Кәсіби спортшылар Данияр Жарасов пен Аслан Асылбеков 54 және 60 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды қанжығаға байлады. Полиция қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов 86 келіге дейінгі салмақта “фул-контакт” разрядында өнер көрсетті. Финалда ирактық қарсыласымен кездесіп, жеңіске жетті. Кездесу 3 раундтан тұрды. Қарсылас та күшті болып, екі нокдаунға шыдаған. Дегенмен, Нұрсұлтанның техникасы мықты болып, ұпай саны жағынан басым түсті. Оның жеңісіне 9-сыныптан бастап жаттықтырып жүрген жеке бапкері Виктор Славный мен әріптестері қуанды.

Қарсы алушылардың арасында облыстағы бас бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділ Нұржауыпов пен облыстық дене шынықтыру-спорт орталығының өкілі Роман Жежеря болды. Олар халықаралық жарыстарға қатысып жүрген Нұрсұлтанға келешекте рингте сәттілік тіледі.

Чемпионды облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабұлдинов та құттықтады. Чемпионның әр жеңісі департамент үшін, Қазақстан Республикасының имиджді үшін жоғары жетістік екенін атап өтіп, полицияның жас қызметкерлерін патриоттылыққа тәрбелеуге көмектесетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру