Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер 70-тен астам жол апатының алдын алды

Шымкентте полицейлер екі апта ішінде 70-тен астам жол апатының алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі апта ішінде мегаполисте мас күйінде көлік жүргізген 75 тұлға жауапқа тартылды. Құқық бұзушыларды тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Масаң күйде рөлге отырғандар әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жалпы, ЖПІШ барысында полицейлер 20 мыңға жуық жол қозғалысының қағидаларын бұзу жайтын анықтады. Оның ішінде техникалық байқаудан өтпеу, көлікті заңсыз қайта жабдықтау, қауіпсіздік белбеулерін тақпау, көлікті басқару кезінде телефон пайдалану, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, белгіленбеген жерден жолды кесіп өту және т.б. Айта кетейік, шараның негізгі міндеті – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдағы дисциплинасын арттыру, жол-көлік оқиғалары мен жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу және болдырмау.

Іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасын табады. Полиция қызметкерлері мегаполис жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру