Алматы академиясының курсанттары қаланың көрікті жерлерінде өнер көрсетті
Алматы академиясының курсанттары қаланың көрікті жерлерінде күй орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осындай ерекше қойылымды ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары Көлсай көлінде және Шарын шатқалында ұйымдастырды. Олардың өнерлері, әрине, әр көрерменнің жүрегінде із қалдырғаны анық және Қазақстанның ұлылығы мен қонақжайлылығын еске салады.
– Ашық аспан астында 1-курс курсанттары көпшілік алдында өз өнерлерін ортаға салды. Ұлы қазақ халқының күйлерін орындай отырып, олар көпшілікке ерекше көңіл-күй сылайды. Оның басты мақсаты – өз елінің және қазақстандық полицияның имиджін арттыру, шетелдік қонақтарға қазақ мәдениеті мен отан сүйгіштілігін көрсету, сондай-ақ жастарды полиция қызметіне тарту. Ұлттық аспапта ойнау арқылы полиция мен халық арасындағы тұтастай байланысы мен бірлігін көрсете алды деген сенімдеміз, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары Ғалымжан Есболаев.
Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы жоғары кәсіби полиция қызметкерлерінің кадрларын қалыптастырып қана қоймай, өз курсанттарының шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.