Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты полиция қызметкерлеріне ерлік сабағын өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жекпе-жектен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ардақ Назаров Алматы қаласының тәртіп сақшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның сапары шаһардың жақсы дәстүріне айналған ерлік сабағымен байланысты.

– Кәсіпқой боксшы, панкратионнан әлемнің үш дүркін чемпионы, Азияның абсолютті чемпионы Ардақ Назаров кез келген жарыста табысқа жетудің кепілі – тынымсыз еңбек екеніне сенімді. Оның спорттағы жетістіктері – табандылық пен адалдықтың жарқын үлгісі болып саналады. Бүгінде Ардақ Назаров – мыңдаған қазақстандықтың кумиріне айналып, дені сау, өркендеген жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді. Оның жеңістерінің арқасында Қазақстан Туы халықаралық спорт ареналарында талай мәрте көтерілді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

Ардақ Назаров арасында кәсіби спортшылар бар тәртіп сақшыларына өзінің өмірлік ұстанымдары мен жарқын жеңістері туралы айтып берді. Сонымен қатар ол салауатты өмір салтын насихаттауға, жастардың рухани дамуына үлес қосу туралы құнды кеңестер берді.

Шара соңында Ардақ Назаров “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру