Атырау облысында мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдап, сатқандарға айыппұл салынды
Атырау облысында мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдап, сатқандарға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шара аясында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 162 автокөлік және ет өнімдерін сататын 80 орын, 395 шаруа қожалықтары тексерілді. Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу арқылы қару иелеріне азаматтық, қызметтік қаруды, оның оқтарын сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау бөлігін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабына сай 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасақталып, 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың 21, ал мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз сатудың 6 фактісі анықталып, 27 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
Сондай-ақ іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюдың 142 фактісі анықталып, 232 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сай әкімшілік хаттама жасақталып, 1 млн 300 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 1 қылмыстық топ құрықталып, оларға қатысты 3 мал ұрлығы қылмысы дәлелденді. Сондай-ақ тәулік ішінде тіркелген 1 қылмыс ашылып, 21 бас мал иелеріне қайтарылды.