Петропавл тұрғыны көлігіне зақым келтірген мас азаматты ұстаған полицейлерге алғысын білдірді
Петропавл тұрғыны көлігіне зақым келтірген мас азаматты ұстаған полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі қаланы патрульдеу барысында Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоның қызметкерлері Ярослав Гашек көшесінің бойында JAC автокөлігіне зақым келтіріп жатқан күдікті ер адамды байқаған. Күдікті автокөліктің артқы айналарын және есік тұтқаларын сындырып үлгерген. Полицейлерді көргенде ер адам қашып кетпек болған Алайда алысқа ұзамай қолға түсті. Тәртіп сақшылары жедел тергеу тобын шақырып, мемлекеттік нөмір бойынша анықталған көлік иесіне қоңырау шалады.
Көлік иесі Екатерина Гусарова бейнежазбаға ризашылық сөздерін жазып, патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Олег Головин мен Артем Борисовқа кәсіби шеберлігі мен сауатты әрекеттері үшін алғыс білдірді.
Медициналық куәландыру көрсеткендей, құқық бұзушы бұрын сотталған 28 жастағы қала тұрғыны мас күйінде болғандығын көрсетті. Ол қоғамдық орында мас күйінде пайда болғандығы үшін жауапқа тартылды. Кейінірек Петропавл қаласының әкімшілік соты оны бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіргені үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салды. Жергілікті полиция қызметкерлеріне де, судьяға да ер адам өзінің іс-әрекетінің себебін мас күйіне сілтеме жасай отырып түсіндіріп бере алмады.
Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны командирі Қанат Әлімжановтың айтуынша, жыл басынан бері бөлімше қызметкерлері 4 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылықты анықтаған.