СҚО-дан екі полиция қызметкері аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды
СҚО-дан екі полиция қызметкері аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан полицейлері дайындықтарының жақсы деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп қайтты: облыстық полиция департаменті аппаратының екі қызметкері Алматы қаласында өткен аралас жекпе-жектен Азия чемпиондары болып оралды.
1-3 наурыз аралығында оңтүстік астанада Free Fighting International Federation ММА бойынша Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық жауынгерлерден басқа, оған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның спортшылары қатысты. Біздің отандастарымыздың қатарында 6 түрден спорт шебері Ибрагим Беков лайықты өнер көрсетті. Ол 71 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды, ал ауыр салмақтағылар арасында Абылайхан Өмірзақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Табанды күресте ол 84 келіден жоғары санатта 1-орынға ие болды.
Чемпионаттан оралғаннан кейін погондағы спортшылар СҚО ПД басшылығының құқығымен көтермеленді. Департаментте спорттық жетістіктер жас қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға, адамдарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді барынша тиімді орындау үшін дене шынықтыру деңгейін арттыруға ынталандыратынын атап өтті.