Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлікті заңсыз қайта жабдықтаған жүргізушілер жазаланды

Павлодар облысында жүргізушілер көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жүргізіп келеді. Олар көлікті заңсыз қайта жабдықтаған жүргізушілерді ұстады.

– Тиісті рұқсатсыз ксенон және лед шамдары түріндегі қосымша құрылғыларды орнататын конверсияланған автокөлікке ерекше назар аударамыз. Оларға мұның заңсыз екенін түсіндіреміз. Аталған шамдардың әрқайсысы әртүрлі жарық береді. Өндіруші мұндай шамдарға қарсы келе жатқан көлік жүргізушісінің көзіне кері әсер етпеуі үшін түрлі фарлар жасауға мәжбүр. Мұның бәрі қауіпсіздікке әсер етеді. Алыс және жақын жарық фарларына, сондай-ақ тұманға қарсы шамдарға таңбалау және оларда орнатылған жарық көздерінің сыныптары сәйкестігі деген талап бар, – дейді Павлодар қаласы ПП батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Павлодар қаласының Академик Сәтбаев көшесінде сағат 00:00 шамасында сыртқы жарық шамдарын өзі орнатып алған Toyota көлігі тоқтатылды. Дәл осындай заң бұзушылықтарды М. Горький көшесінің бойынан ұсталған Toyota автокөлігінің жүргізушісі және Ломов – М.Жүсіп көшесінде тоқтаған Volkswagen көлігінің жүргізушісі де жасады.

Тәртіп сақшысы тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын жүргізгені үшін жүргізушілер жазаланғанын, әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғанын айтты. Бұдан басқа, заң бұзушылық жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді.

Айта кетейік, биыл Павлодар полицейлері осындай санаттағы 212 заң бұзушының жолын кескен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру