Қызылорда облысында сотталған азамат заңды некеге тұрды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде 21 жылға сотталған Д. есімді азамат заңды некесін қиды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталған мен некеге тұрушы әйелдің өтініші негізінде неке қию рәсіміне мекеме заңгері мен теолог маманы, АХАЖ бөлімінің маманы мен мешіт имамы шақырылды.
– Әдетте некеге тұрушыларға тек АХАЖ бөлімінің заңды түрде неке қию куәлігі берілетін. Ал бұл некені растайтын діни құжат та, заңды құжат та бар. Сотталған азаматтың өтініші негізінде дін өкілі шақырылып, некеге тұрудағы барлық жөн-жоралғы жасалды, – дейді мекеме заңгері А. Измагамбетова.
Айта кететін жайт, мекемеде кәмелет жасына толған әрбір жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқылы.