Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полиция қызметкерлері білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында  облыстық білім басқармасымен бірлесіп түсіндіру шараларын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Қостанайдағы “Мирас” МҮ-де білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Кездесуге қатысушылар алдында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, ювеналды полицияның және жергілікті полиция қызметінің мамандары сөз сөйледі.

-Тәртіп сақшылары өте қауіпті синтетикалық есірткіні тарату арналарын анықтауға баса назар аударады. Өткен жылы біз заңсыз айналымнан 340 келі түрлі есірткі түрін, оның ішінде 11 келі “синтетиканы” тәркіледік. Ал биылғы жылы 81 қылмыс анықталды, – деп атап өтті облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкері Айгүл Ерадилова.

Қазір оқу орындарындағы балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Әрбір мектеп пен колледжге учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар және жедел қызметкерлер бекітілген. Олардың міндеттеріне оқу орындарына үнемі бару, профилактикалық әңгімелер жүргізу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға теріс әсер ететін және қылмыстық идеологияны тарататын адамдарды анықтау кіреді.

Іс-шара соңында жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернұр Алтаев түрлі құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы тағы да еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру